Ядролық физика эксперименттерiне жұқа қатты дене нысандарды алу және қолдану
Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 54
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-123-2-8-14Аңдатпа
Атом ядросының құрылымы мен ядролық реакциялардың механизмдерiн физика дамуының
заманауи кезеңiнде зерттеуi ядролық физика экспериментiнде басты бiр рөлдi атқаратын ядролық нысанамен жұмыс жасауға жоғары талап қойылады. Айтылатын реакциялардың дифференциалдық қимасының дәлме-дәл өлшеуi дәл анықталған элементтiк құраушылар, қалыңдығы мен бiртектiлiгiнен тұратын жиiлiгi жоғары өз-өзiн қамтамасыз етiп
отыратын жiңiшке нысаналарды экспериментте қолдануды бiлдiредi. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Пәнаралық зерттеу кешенiнiң қатты дене физикасы зертханасында эксперименталды түрде ДЦ-60 үдеткiшi бойынша ядролық физика эксперименттерiнде кейiнгi қолдану үшiн 6 Li, 7 Li жұқа қатты дене нысандар жасалды. Нысананың қалыңдығы және жасалу сапасы ядролық физикадағы эксперименттердi қою үшiн өте маңызды болып табылады. Нысананы алу үшiн логикалық тұрғыдан рет ретiмен жасалу әдiсi көрсетiлген. Әр түрлi энергиялардағы үдетiлген көмiртегi иондарымен нысананы сәулелендiрудiң қысқаша мәлиметтерi келтiрiлген.