Күштi криптон-оттектi байланысындағы UO 2 -дегi криптон диффузиясы. Молекулалық динамика модельдеуi
Қаралымдар: 93 / PDF жүктеулері: 66
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-86-91Аңдатпа
UO 2 - оқшауланған нанокристалдардағы Kr диффузиясының молекулалық динамикалық модельдеуi күштi криптон-оттегi байланысы туралы ұйғарыммен жүзеге асырылды. Модельденген кристалдар 5460 ионнан тұрды. Модельдеу NVIDIA GeForce GTX 780Ti және 1080Ti видеокарталарын қолдана отырып, CUDA GK110 және GP102 графикалық процессорларында параллельдеп есептеу арқылы жүзеге асырылды. Диффузиялық секiрiстердiң жиiлiктерi мен диффузия коэффициентiнiң мәндерi 2325 К-ден 2800 К-қа дейiнгi температурада қарастырылды. Кристалдық тор аралықтары, сегiз оттегiнiң ең жақын көршiлерiмен қоршалған криптон атомының тепе-теңдiк күйлерi ретiнде
көрсетiлген. Негiзгi байқалатын миграция механизмi – атомның аниондык вакансиялар арқылы интерстициалды позициялар арасында қозғалуы. Диффузия коэффициентiнiң мәндерi 5 · 10 −7 ден 2 · 10 −5 см 2 /с дейiн, ал диффузия активтендiру энергиясы E D = (4.8 ± 0.3) эВ құрайды.