Центрлiк тартылыс күшi өрiсiнде дене қозғалысын компьютерлiк модельдеу


Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 79

Авторлар

  • Ж. Ахатаева
  • К. Шакерхан
  • А. Керимбаев
  • Б. Мукушев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-55-60

Аңдатпа

Мақалада табиғи және виртуалды центрлiк күштер талданады. Осы күштер өрiсiндегi дене қозғалысын
компьютерлiк эксперименттер көмегiмен зерттеу нәтижелерi берiлген. Бертран теоремасы негiзiнде гравитациялық (немесе кулондық) және квази серпiмдi табиғи центрлiк күштер өрiсiндегi дене қозғалысының мүмкiн орбиталары зерттелдi. Физикалық ғылым әдiснамасында үлкен ғылыми қүндылыққа ие бола алатын виртуалды центрлiк күштердi компьютерлiк әдiспен зерттеу мәселесi қарастырылған.
Табиғи және виртуалды күштердi сипаттайтын физикалық шамалар арасындағы байланыс компьютерлiк модельдеу арқылы тағайындалды. Әртүрлi центрлiк күштер өрiсiнде дененiң траекториясын табу үшiн қажеттi компьютерлiк бағдарламалар Mathcad қолданбалы программалар пакетi ортасында жасалды. Жүргiзiлген компьютерлiк
эксперименттiң нәтижесiнде Бертран теоремасы дәлелдендi. Кейбiр алғашқы шарттар орындалған жағдайларда дененiң түйық траектория бойымен гравитациялық күш өрiсiнде және квази серпiмдi күш өрiсiнде қозғала алатындығы дәлелдендi. Екi жағдайда да дене конустық қима түрiндегi қисықтармен қозғалады. Конустық қималарға эллипс, шеңбер, парабола мен гипербола қисықтары жатады. Демек, Бертран теоремасы бойынша табиғи центрлiк күш өрiсiнде қозғалаған кез келген дене аталған траекториялардың бiрiмен қозғалады. Виртуалды күштер өрiсiндегi денелердiң қозғалысын компьютерлiк модельдеу кезiнде бастапқы жағдайларға байланысты әртүрлi траекториялар алынды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-02

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ахатаева , Ж., Шакерхан , К., Керимбаев , А., & Мукушев , Б. (2022). Центрлiк тартылыс күшi өрiсiнде дене қозғалысын компьютерлiк модельдеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 133(4), 55–60. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-133-4-55-60

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)