Азотпен қоспалағандағы сутегiн өндiру үшiн кобальт шпинелiнiң энергетикалық сипаттамалары
Қаралымдар: 94 / PDF жүктеулері: 52
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-43-52Аңдатпа
Эксперименттiк нәтижелер оттегiнiң бөлiну реакциясы (ОБР) үшiн Co 3 O 4 каталитикалық белсендiлiгiн азотпен қоспалау арқылы жақсартуға болатындығын көрсеттi. Азот қоспасынан пайда болатын пластинаның каталитикалық қасиеттерiнiң өзгеру әсерi талқыланды және қосымша потенциалдар Гиббс еркiн энергиясы
азот енгiзiлген бет үшiн есептелдi. Мақалада Хаббард-U жуықтауымен және статистикалық термодинамикамен
бiрiктiрiлген тығыздық функционалы (ТФП) теориясы аясында Co 3 O 4 (100) азотпен қоспаланған пластинадағы судың адсорбциясының теориялық зерттеу нәтижелерi келтiрiлген. ОБР Co 3 O 4 , қоспаланған N бетiнде алдынала модельдеуi iске асырылды, допант қоспасының әртүрлi концентрациясын және оның Сo oct , Co tet адсорбция
орындарының айналасында кеңiстiктiк таралуы берiлген. Асқын кернеу N қоспаланған Co 3 O 4 (100) бетiнiң жетi конфигурациясындағы адсорбцияның екi позициясы үшiн есептелген. N қоспаланған бет үшiн ең үлкен есептелген асқын кернеу мәнi 1 В құрайды.