Жұмсақ тұндыру әдісі арқылы BiVO4/ZnO гетероқұрылымын орнықты қалыптастыру


Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 9

Авторлар

  • Бекболат Сейтов Международный казахско-турецкий университет имени Ходжи Ахмеда Ясави
  • Дина Бакранова SDU University https://orcid.org/0000-0002-0793-9905
  • Сапарғали Пазылбек Ж.А. Тәшенев атындағы Университет
  • Құли Ж.Т.
  • Бакранов Н.Б.
  • Капсаламова Ф.Р.

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-152-3-67-84

Кілт сөздер:

оксид цинка, ванадат висмута, гидротермальный синтез, фотоэлектрохимия, этиленгликоль, мягкое осаждение

Аңдатпа

Бұл жұмыста гидротермиялық әдіспен синтезделген мырыш оксидінің (ZnO) наноөзектерінің бетіне  spin‑coating әдісі арқылы (BiVO4) висмут ванадатын жұмсақ екі сатылы қабаттап (layer-by‑layer) тұндыру нәтижелері келтірілген. Тұтқырлықты, прекурсорлардың концентрациясын бақылау ZnO-да қалыптасқан BV пленкаларының қалыңдығын, біркелкілігін және орнықтылығын реттеуде шешуші рөл атқарады. Алынған үлгілерді сипаттау әдістер кешенінің көмегімен жүргізілді. Алдымен UV–Vis спектроскопиясы қолданылды, бұл BiVO4 тұндырғаннан кейін көрінетін аймақтағы жұту спектрін анықтауға мүмкіндік берді. Әрі қарай, рентгендік құрылымдық талдау (XRD) әдісімен BiVO4 моноклиндік фазасының және ZnO вюрциттік фазасының бар екендігі расталды, сонымен қатар үлгілердің кристалдық деңгейі бағаланды. Ақырында, сканерлеуші электронды микроскопия (SEM) ZnO морфологиясын және олардың BiVO4 қабатымен орнықты қапталғанын көрсетті. BiVO4/ZnO гетероқұрылымдарының практикалық қасиеттерін бағалау үшін далалық табиғи жағдайларда сызықтық вольтамперлік сканерлеуге ие фотоэлектрохимиялық өлшеу жүргізілді, бұл нақты жағдайларда пленкалардың өнімділігін көрсетеді. Нәтижелер ерітінділердің тұтқырлығы оңтайландырылған екі сатылы spin‑coating әдісі фотоэлектрохимиялық құрылғыларда қолдануға жарамды тұрақты гетероқұрылымдарды құруға мүмкіндік беретінін растады.

Автор өмірбаяндары

Дина Бакранова, SDU University

PhD,SDU University қауымдастырылған профессоры, инженерия және жаратылыстану ғылымдары факультеті, Абылайхан көшесі 1/1,040900, Қаскелең, Қазақстан

Сапарғали Пазылбек, Ж.А. Тәшенев атындағы Университет

PhD докторы, "Математика және информатика" кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Ж. А. Ташенев атындағы Университет, Қонаев даңғылы 21, 160012, Шымкент, Қазақстан

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сейтов, Б., Бакранова, Д., Пазылбек, С., Кули Ж.Т., Бакранов Н.Б., & Капсаламова Ф.Р. (2025). Жұмсақ тұндыру әдісі арқылы BiVO4/ZnO гетероқұрылымын орнықты қалыптастыру. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 152(3), 67–84. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-152-3-67-84

Журналдың саны

Бөлім

Статьи