Жұқа пленкалы материалдар негiзiндегi төмен температурадағы қатты оксидтi отын элементтерiнiң дамуы
Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 75
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-130-1-64-73Аңдатпа
Қатты оксидтi отын элементтерiн кеңiнен қолдану үшiн тиiмдi және экологиялық таза энергия өндiрiсiн
қамтамасыз етудiң ең перспективтi технологияларының бiрi болып саналады. Қазiргi уақытта қатты оксидтi отын
элементтерiнiң дамуындағы маңызды мәселе электролиттiң қалыңдығын жұқарту арқылы жұмыс температурасының төмендеуi болып табылады, нәтижесiнде элементтiң iшкi кедергiсi төмендейдi және оның қуаты артады. Бұл мәселенiң тиiмдi шешiмi электролиттер үшiн де, электродтар үшiн де (катод, анод) жұқа пленкалы материалдарды қолдану болып
табылады. Аталған жұмыста мақаланың соңында қысқаша тұжырымдар негiзiнде төмен температуралы қатты оксидтi элементтерiнiң электродтары мен электролиттерiне арналған жаңа жұқа пленкалы материалдар жөнiнде әдеби шолу жасалды.
