Астана қаласының Жер бетi маңындағы дозалық және электрлiк сипаттамаларын талдау
Қаралымдар: 74 / PDF жүктеулері: 59
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-122-1-75-81Аңдатпа
Бұл мақалада CARPET/ENU ғарыш-физикалық кешенiне сипаттама ұсынылған. CARPET/ENU ғарыш-физикалық кешенi Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң физика-техникалық факультетiнде
орналастырылған. Бұл бағдарламалы-аппараттық кешен құрамына CARPET детекторы және EFM-100 флюксметр
кiредi. CARPET кешенiн орнатудың мақсаты - Жер атмосферасындағы гелио және геофизикалық параметрлердi өлшеу және өңдеу. CARPET/ENU детекторы ғарыштық сәулелердiң жұмсақ (электрон-фотон) және қатты (мюоон) құраушыларын тiркейдi. Детектор көмегiмен тәжiрибелiк деректердi өңдеу мен талдау Күн жарқылы және қалыпты жағдай кезiнде де жүргiзiледi. Детектор ғарыштық сәулелердiң карқындылығы мен олардың энергетикалық спектрiн
тiркейдi. Алынған нәтижелердi талдау арқылы ғарыш-физикалық кешен Астана аумағының Жер маңындағы
радиациялық және метеорологиялық жағдайын бағалауға мүмкiндiк бередi.