Скалярлық өрiс моделi динамикалық теңдеулерiнiң нақты аналитикалық шешiмi


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 61

Авторлар

  • О. В. Разина
  • Ш. А. Мырзакулова
  • М. Темирбаев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-15-23

Аңдатпа

Бұл жұмыста скалярлық өрiстiң Ғаламның дамуының бастапқы кезеңiнде жедел ұлғаю көзi ретiндегi рөлiн зерттеу үшiн жалпы салыстырмалылықтың өрiс теңдеулерiн қанағаттандыратын скалярлық космологиялық модель қарастырылды. Нақты Лагранжиан енгiзiлiп, қозғалыс теңдеулер жүйесi алынды. Модельдi зерттеу және шешiмiн табу үшiн дәрежелiк функциясы түрiндегi скалярлық өрiс таңдалды. Скалярлық өрiс функциясының формасын қолдана отырып, Хаббл параметрi, масштабты фактор, күңгiрт энергияның тығыздығы мен қысымы есептелдi. Алынған шешiмдердi тексеру үшiн олардың графиктерi тұрғызылды. Инфляция процесiн сипаттау үшiн баяу сырғу параметрлерi зерттелдi. Әлемнiң эволюциясын түсiндiру үшiн энергия шарттары масштабты фактор мен баяулау параметрi терминi түрiнде пайдаланылды. Бұл шарттар энергия тығыздығы мен қысымының iс- әрекетiне модельден тәуелсiз шектеулер қояды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-01

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Разина , О. В., Мырзакулова , Ш. А., & Темирбаев , М. (2022). Скалярлық өрiс моделi динамикалық теңдеулерiнiң нақты аналитикалық шешiмi. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 137(4), 15–23. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-137-4-15-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи