Графен оксидімен модификацияланған хитозан негізіндегі биоүйлесімді композиттік трек мембраналарын дайындау және олардың құрылымын, биоүйлесімділігі мен тасымалдау қасиеттерін кешенді зерттеу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Alisher Zhumabayev The Institute of Nuclear Physics of the Republic of Kazakhstan

Кілт сөздер:

трек мембраналары, хитозан, графен оксиді, биоүйлесімділік

Аңдатпа

Хитозан негізінде графен оксидімен (GO) модификацияланған биоыдырайтын композиттік тректік мембраналар дайындалды. SRIM әдісі арқылы ауыр иондармен сәулелендірудің қажетті параметрлері анықталды. Одан кейін химиялық өңдеу жағдайларын оңтайландыру шарттары таңдалып, толық өтетін кеуекті құрылым қалыптастырылды. РФЭС, СЭМ және термогравиметриялық талдау нәтижелері мембраналардың графен оксидімен жақсы модификацияланғанын, тректік кеуектердің түзілгенін және композиттердің термиялық тұрақтылығының артқанын растады. Биоүйлесімділікті зерттеу нәтижесінде 1,0 мг/мл концентрацияда мембрана экстрактыларының жасушалараға деген кері әсері байқалмады. Электрохимиялық импеданстық спектроскопия зерттеуіне сәйкес, графен оксидін қосу мембрананың мембрананың көлемдік кедергісін төмендетіп, иондық өткізгіштігін арттырғаны анықталды. Оның ең жоғарғы мәні GO мөлшері 0,5 масс.%. болған кезде байқалды. Дайындалған мембраналарды толық қатты күйдегі суперконденсаторларға арналған гель-полимерлі электролиттердің матрицалары ретінде қолданудың келешегі зор.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Zhumabayev, A. (2026). Графен оксидімен модификацияланған хитозан негізіндегі биоүйлесімді композиттік трек мембраналарын дайындау және олардың құрылымын, биоүйлесімділігі мен тасымалдау қасиеттерін кешенді зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 156(3), 235–247. Retrieved from https://bulphysast.enu.kz/index.php/physast/article/view/578

Журналдың саны

Бөлім

Статьи