Криптонның ауыр иондарымен сәулелендірудің жоғары энтропиялық диборидтердің құрылымдық-фазалық күйі мен механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

  • Әсет Сапар Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0003-1281-9649
  • Игорь Иванов Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Ядролық физика институты
  • Айбек Сейтбаев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Ядролық физика институты
  • Бауыржан Аманжулов Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Ядролық физика институты
  • Әділет Темір Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің Ядролық физика институты

Кілт сөздер:

жоғары энтропиялық борид (ЖЭБ), DC-60, ұшқынды плазмалық күйдіру (SPS), радиациялық төзімділік, радиациялық беріктеу, керамика

Аңдатпа

Ядролық және аэроғарыштық технологиялар радиацияға төзімді материалдарды жасауды қажет ететіндіктен, жоғары энтропиялық боридтердің (ЖЭБ) радиацияға төзімділігін зерттеу өзекті болып табылады. Олар жоғары балқу температурасы, қаттылық және химиялық инерттілік сияқты бір металдан тұратын диборидтердің артықшылықтарын біріктіреді, бірақ жоғары радиациялық төзімділікті көрсетеді. Бұл мақала ЖЭБ қасиетттеріне және оларды синтездеу әдістеріне қысқаша шолу жасайды. Криптонның ауыр иондарымен сәулелендірудің ұшқынды плазмалық күйдіру (SPS) арқылы синтезделген (TiHfZrNbTa)B2 ЖЭБ-ның құрылымдық-фазалық күйіне және механикалық қасиеттеріне әсері зерттеледі. SRIM есептеулері ~1015 см-2 флюенсте 12 мкм дейінгі тереңдікте зақымдану деңгейі шамамен 2,3 атомға ығысуға (dpa) жететінін көрсетті.
РЭМ-ЭДС көмегімен ЖЭБ және NbB2 және TiB2 қос диборидтерінің беттік морфологиясы талданды. Сәулелендіру беттік морфологияны айтарлықтай өзгерткен жоқ, бірақ TiB2-де жарықтар пайда болды.
Рентгендік дифракция барлық боридтердің тор параметрлерінің артқанын көрсетті: ЖЭБ үшін ең үлкен өзгеріс тордың a параметрінде (0,54%) және NbB2 үшін тордың c параметрінде (0,61%) болды. Тордың осындай анизотропты деформациясы сәулелендіруден туындаған ақаулардың тор өстерінің бірі бойымен жиналуын көрсетуі мүмкін.
Виккерс микроқаттылығын өлшеу сәулелендірудің ЖЭБ-тегі радиациялық қатаюды және TiB2-дегі микроқаттылықтың төмендеуді тудыратынын көрсетті.
Алынған нәтижелер жоғары энтропиялық диборидтің (TiHfZrNbTa)B2 жоғары радиациялық төзімділігін көрсетеді, бұл ЖЭБ-ларды жоғары радиациялық ортада қолдануға арналған перспективалық материалдарға айналдырады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сапар, Ә., Иванов, И., Сейтбаев, А., Аманжулов, Б., & Темір, А. . (2026). Криптонның ауыр иондарымен сәулелендірудің жоғары энтропиялық диборидтердің құрылымдық-фазалық күйі мен механикалық қасиеттеріне әсерін зерттеу. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 156(3), 70–82. Retrieved from https://bulphysast.enu.kz/index.php/physast/article/view/540

Журналдың саны

Бөлім

Статьи