WO₃–NiO жүйесінің құрылымы мен морфологиясына механохимиялық активация және күйдірудің әсері


Қаралымдар: 104 / PDF жүктеулері: 65

Авторлар

  • Milana Saidullayeva Institute of Nuclear Physics of the Agency of the Republic of Kazakhstan for Atomic Energy, Almaty, Kazakhstan

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-155-2-205-215

Кілт сөздер:

нанокомпозит, керамика, оксид вольфрама, механохимический синтез, вольфрамат никеля

Аңдатпа

Бұл жұмыста WO₃–NiO жүйесінде механохимиялық синтез және кейінгі термиялық күйдіру барысында фазалардың түзілуі мен морфологиялық эволюция процестері зерттелді. Зерттеудің мақсаты механикалық ұнтақтау уақыты мен күйдіру температурасының материалдардың фазалық құрамына және морфологиялық сипаттамаларына әсерін анықтау, сондай-ақ никель вольфраматы NiWO₄ фазасының түзілу шарттарын белгілеу болды.

Зерттеу рентгенқұрылымдық талдау, раман спектроскопиясы және сканерлеуші электрондық микроскопия әдістерін қолдану арқылы жүргізілді. Механикалық ұнтақтау уақытының өзгеруі фазалық түрленулерге әкелмейтіні және тұрақты фазалық құрамның сақталуымен жүретіні көрсетілді. Күйдірілмеген үлгілердің раман спектроскопиясы WO₃-тің моноклиндік фазасының бар екенін растады. 500 °C және одан жоғары температурада термиялық күйдіру NiWO₄ фазасының түзілуіне әкелетіні анықталды.

Морфологиялық зерттеулер бастапқы ұнтақтардың сферикалық нанобөлшектердің ірі агломераттарынан тұратынын көрсетті. 500 °C температурада морфологияның күрт өзгеруі және NiO қосындылары бар NiWO₄ фазасының басым болуы байқалады, ал күйдіру температурасының одан әрі жоғарылауы түйірлердің іріленуіне және құрылымдық реттелудің артуына ықпал етеді. 1000 °C температурада дендриттәрізді өсінділері бар ірі сферикалық түйірлер қалыптасады.

Алынған нәтижелер ауыспалы металдардың вольфраматтарының түзілу заңдылықтары туралы түсінікті кеңейтеді және каталитикалық, фотокаталитикалық және энергетикалық қолдануларға арналған функционалдық оксидті материалдарды әзірлеуде пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-29

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Saidullayeva, M. (2026). WO₃–NiO жүйесінің құрылымы мен морфологиясына механохимиялық активация және күйдірудің әсері. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 155(2), 205–215. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-155-2-205-215

Журналдың саны

Бөлім

Статьи