Минималды емес f(R,T) гравитациясында дивергенциясыз баяулау және энергия шарттары


Қаралымдар: 111 / PDF жүктеулері: 35

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-154-1-18-36

Кілт сөздер:

Дивергенциясыз баяулау параметрі, f(R,T) гравитациясы, минималды емес байланыс, космостық үдеу, энергия шарттары, күй теңдеуі, ΛCDM

Аңдатпа

Бұл жұмыста материя - геометрияның минималды емес байланысы бар f(R,T) гравитациясының ең қарапайым сызықтық моделінде f(R,T)=R+2λT баяулау параметрінің дивергенциясыз параметрленуін зерттейміз, мұнда R - Риччи скаляры, T - энергия - импульс тензорының ізі, λ - байланыс параметрі. Аталған параметрлену арқылы Хаббл параметрін қызыл ығысумен H(z) түрінде шығарып, оны модификацияланған Фридман теңдеулеріне енгіземіз. Модель параметрлері OHD (cosmic chronometers) және Pantheon суперновалар жинақтамасының деректерімен шектеліп, қазіргі мәндер үшін H_0, q_0, және эволюциялық компонент q1 сандық түрде бағаланады, нәтижелер Ғаламның баяулаудан үдеуге бірқалыпты өтетінін көрсетеді. Сонымен қатар, әртүрлі λ мәндерінде энергия тығыздығы ρ мен толық күй теңдеуі параметрінің ω уақыт бойынша өзгерісі талданып, ΛCDM моделінен ауытқулар және λ параметрінің ғаламдық динамиканы қалыптастырудағы рөлі айқындалады. Энергия шарттарын тексеру нәтижесінде NEC және DEC шарттары эволюция бойы орындалатыны, ал SEC шарты кеш уақыттарда бұзылатыны анықталады, бұл бақылаулық үдеумен үйлеседі. Жалпы алғанда, дивергенциясыз параметрлену f(R,T) гравитациясы шеңберінде кеш уақыттағы космостық үдеуді түсіндіруге әрі бақылаулық және теориялық шектеулерді сақтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері стандартты ΛCDM моделімен салыстырмалы талдау жүргізуге және λ параметріне бақылаулық шектеулер қоюға негіз болады.

Автор өмірбаяндары

Үміт Исмаил, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

жалпы және теориялық физика кафедрасының магистранты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Мұнайтпасов көшесі 13, Астана, 010008, Қазақстан.

Алия Жадыранова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi

PhD, жалпы және теориялық физика кафедрасының аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Мұнайтпасов көшесі 13, Астана, 010008, Қазақстан.

Майкл Сноу, Индиана университеті Блумингтон

PhD, физика кафедрасының профессоры, Блумингтон қаласындағы Индиана университеті, Шығыс 3-көшесі 47405, Блумингтон, АҚШ.

Венера Жумабекова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

PhD, физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы 13, Алматы, 050000, Қазақстан.

Назым Жусупова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Физика кафедрасының PhD докторанты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Достық даңғылы 13, Алматы, 050000, Қазақстан.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Исмаил, Ү., Жадыранова, А., Сноу, М., Жумабекова, В., & Жусупова, Н. (2026). Минималды емес f(R,T) гравитациясында дивергенциясыз баяулау және энергия шарттары. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 154(1), 18–36. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2026-154-1-18-36

Журналдың саны

Бөлім

Статьи