Центрлiк күш өрiсiндегi дене қозғалысын зерттеуге арналған эксперименттiк қондырғы


Қаралымдар: 96 / PDF жүктеулері: 60

Авторлар

  • Б. А. Мукушев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-135-2-17-23

Аңдатпа

Мақалада центрлiк гравитациялық тартылыс күшiне ұқсас күш өрiсiндегi дененiң қозғалысын зерттеуге
арналған эксперименттiк қондырғыны құрудың негiзгi кезеңдерi баяндалған. Қондырғының түзетiлген электр тогын беретiн электрлiк схемасы сипатталған. Бұл ток өз кезегiнде тiгiнен орналасқан катушкаларда магнит өрiсiн жасайды.
Бiз катушканың жоғарғы бөлiгiнiң көлденең жазықтығында орналасқан темiр заттарға әсер ететiн катушканың магниттiк күшiн зерттедiк. Роберт Вудтың тогы бар тiгiнен орналасқан катушканың магнит өрiсiнiң кернеулiгi туралы теориялық тұжырымы берiлген. Бұл тұжырым бойынша магниттiк кернеулiктiң горизонталь құраушысының мәнi әрқашан катушканың жоғарғы бөлiгiнiң ортасынан қашықтықтың квадратына керi пропорционал болады. Темiр затқа әсер ететiн магниттiк күш қашықтықтың квадратына керi пропорционал өзгередi. Осы теориялық есептеулер негiзiнде эксперименттiк қондырғы жасалды және ол дененiң центрлiк күш өрiсiндегi қозғалысын көрсете алады. Катушканың жоғары жағында орналасқан шыны пластиктiң жазықтығында металл кiшкентай шардың конустық қималарды сипаттайтын траекториялармен жасаған қозғалыстарын зерттеу мақсатында эксперименттер жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мукушев , Б. А. (2022). Центрлiк күш өрiсiндегi дене қозғалысын зерттеуге арналған эксперименттiк қондырғы. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 135(2), 17–23. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-135-2-17-23

Журналдың саны

Бөлім

Статьи