Мезосфера биiктiктерiндегi тозаңды бөлшектердi қоршап тұрған әртүрлi газдардың зарядталуын салыстыру
Қаралымдар: 53 / PDF жүктеулері: 46
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-134-1-55-62Аңдатпа
берiлген жұмыста ионосфера қабатындағы тозаңды бөлшектердiң сыртын қоршап тұрған газдардың плазма бөлшектерiмен әсерлесуi кезiндегi зарядталуы қарастырылған. Мезосфера биiктiктерiндегi ерекшелiктерге тоқталып, тозаңды бөлшектердiң
пайда болуына сипаттама берiлдi. Электрондар мен иондардың жылдамдықтар бойынша үлестiрiлуi үшiн максвелдiк үлестiрiлуi функциясы қолданылды, яғни плазма ортасы стационарлық күйде тұр деп есептелiндi. Есептеулер 85 км биiктiктегi ионосфералық плазма
үшiн, температура 150◦ К, электрондар мен иондардың концентрациясы 10 10 м −3 және иондардың жиiлiгi 10 5
с −1 деп жүргiзiлдi. Алынған бөлшектердiң барлығы сфералық, әрi өлшемдерi бiрдей. Тозаңдық бөлшектердiң зарядталуын модельдеу мақсатында,
ОМL теориясы пайдаланылды. Есептеулер нәтижесi бойынша, плазмалық бөлшектердiң жылдамдықтарының максвелдiк үлестiрiлу графигi салынды, сфералықтозаңды бөлшектердiң бетiндегi әртүрлi газдар потенциалының электрондар мен иондардың температураларының қатынасына тәуелдiлiгi анықталды.