Оптикалық және фолдинг модельдер аясында альфа-бөлшектердiң 12C ядроларында серпiмдi шашырау процесстерiн зертте
Қаралымдар: 95 / PDF жүктеулері: 72
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2018-124-3-26-32Аңдатпа
Осы жүмыста 50 МэВ энергияда альфа-бөлшектердiң 12C ядросында серпiмдi шашырау процесстерi зерттелген. альфа-бөлшектердiң 12C ядросында Серпiмдi шашыраған тәжiрибелiк бүрыштық таралымы Ядролық физика институтының (Алматы қ, Қазақстан) изохронды циклотронында өлшендi. Реакция нәтижесiнде шашыраған бөлшектер жартылай өткiзгiш кремний ∆E − E телескоптары арқылы тiркелiп және анықталды. Дифференциалдық қималар 10o − 170o арасында лабораториялың координаттар жүйесiнде өлшендi. Серпiмдi шашырау оптикалық модель аясында талданды. Есептеулерде комплекстi ядролық потенциалдың нақты бөлiгi үшiн микроскопиялық потенциалмен (фолдинг потенциал) қоса, феноменологиялық потенциалдар да қолданылды. Потенциалдың жорамал бөлiгi үшiн ВудсСаксон потенциалының беттiк феноменологиялық түрi қолданылды. Теореялық есептелген қималар, тәжiрибелiк мәлiметтермен жақсы үйлеседi. Осы жүмыста алынған нәтижелер, болашақта альфа-бөлшектердiң 12C ядросында серпiмсiз шашырауының есептеулерiнде және 3He иондарының 13C реакциясында қолданылатын болады.