Дарбу түрлендiруi және Фокас-Ленэллс теңдеуiнiң нақты бiр солитонды шешiмi
Қаралымдар: 164 / PDF жүктеулері: 101
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2020-132-3-8-13Аңдатпа
Бұл жұмыста оптикалық талшықтардағы ультра сызықты емес жарық импульстарының таралуын сипаттайтын Фокас-Ленэллс теңдеуi (ФЛТ) деп аталатын теңдеудi қарастырамыз. ФЛТ Шредингердiң сызықты емес теңдеуiнiң (ШСЕТ) жалпыламаларының бiрi болып табылады және шашыраудың керi есеп әдiсiмен интегралданады. Сонымен қатар, солитон немесе солитон тәрiздi шешiмдерге ие. Белгiлi эволюциялық сызықтық емес теңдеулердiң солитондық шешiмдерiн табу үшiн, теңдеудiң ерекшелiктерiн ескеретiн өзiндiк әдiстердi жасау керек. Бұл жұмыста
ФЛТ үшiн Дарбу түрлендiру (ДТ) әдiсiн ұсынамыз. Қарастырылып отырған теңдеудiң бiр солитонды шешiмiн табу
үшiн 1-реттi ДТ құрылды. Алынған нәтижелердi қолдана отырып, екi солитонды және N-солитонды шешiмдердi табуға болады
