Көп нуклондық берілу реакцияларын зерттеу үшін SHELS кинематикалық сепараторын және GABRIELA детекторлық жүйесін пайдалану
Views: 191 / PDF downloads: 88
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-151-2-158-176Keywords:
кинематикалық сепаратор, детекторлық жүйе, көп нуклондық берілу реакциясы, ауыр ядролар, α-ыдырауAbstract
Біріккен ядролық зерттеулер институтының (БЯЗИ) Ядролық реакциялар Зертханасында (ЯРЗ) SHELS сепараторында Z ≥ 82 болатын ауыр ядролардың жаңа изотоптарын синтездеу, олардың радиоактивті ыдырау қасиеттерін және түзілу көлденең қималарын зерттеу бойынша тәжірибелер жүргізілуде. Бұл зерттеулердің мақсаты — радиоактивті ыдырау қасиеттері мен ауыр ядролардың қалыптасу процестерін анықтайтын ауыр элементтер ядроларының құрылымындағы жаңа заңдылықтарды зерттеу.
Жұмыста негізгі назар тәжірибе әдістемесіне – көп нуклондық берілу реакцияларын зерттеу үшін GABRIELA детекторлық жүйесі мен SHELS кинематикалық сепараторын қолдануға аударылады.
Атап айтқанда, SHELS сепараторы мен GABRIELA комбиницияланған детекторлық жүйесін пайдаланып жүргізілген, нысана ядроларына қарағанда протон саны жоғары ядролардың түзілуіне әкелетін, 48Ca+208Pb, 50Ti+208Pb және 40Ar+209Bi көп нуклондық берілу реакцияларын зерттеу нәтижелері ұсынылады.
Жылдамдық фильтрі SHELS көмегімен осындай тәжірибелерді жүргізу көп нуклондық берілу реакцияларын зерттеуде кинематикалық сепараторлардың мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жұмыста сипатталған зерттеу әдістері ауыр және аса ауыр ядролардың радиоактивті ыдырау қасиеттерін тәжірибелік зерттеуде сәтті қолданылып келеді.





