Аспан механикасы мәселелерiн зерттеудегi есептеу эксперименттерiнiң рөлi мен орны


Қаралымдар: 79 / PDF жүктеулері: 117

Авторлар

  • Б. Мукушев

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-134-1-22-28

Аңдатпа

Мақалада Жерге жақын ғарыш аппараттарының қозғалысы бойынша есептеу (компьютерлiк) эксперименттерiн жүзеге асыру мәселелерi баяндалған. Физикалық объектiлер мен құбылыстарды зерттеу үшiн
қолданылатын есептеу экспериментiнiң негiзгi кезеңдерi анықталды және талданды. Есептеу экспериментiнiң кезеңдерiнiң негiзiн құрайтын объектiлердiң физикалық, математикалық және компьютерлiк модельдерiн құру мәселелерi қарастырылды. Зерттелетiн физикалық нысандар мен процестердi идеализациялау, формализациялау
және абстракциялаудан тұратын физикалық модельдеудiң шарттары анықталды. Математикалық модельдеу кезiнде зерттелетiн объектiнi сандық талдау және математикалық моделдеу (зерттелетiн объектiнi сипаттайтын теңдеулер құру) жүзеге асырылды. Компьютерлiк модельдеу кезеңiнде математикалық теңдеулердi шешуге қажеттi бағдарлама жасалады. Бағдарламалау тiлi ретiнде Microsoft Excel, MathCAD, Pascal, C++ , Python және т. б. пайдалануға болады.
Мақалада әртүрлi бастапқы жағдайларда ғарыш аппараттарының (ЖЖС, ғарыш кемелерi және баллистикалық зымырандар) ұшуын зерттеуге арналған есептеу экспериментiн жүзеге асыру үшiн MathCAD ортасында жасалған бағдармаларды қолдану әдiстемесi берiлген. Жерге жақын ғарыш аппараттарының қозғалысының келесi бастапқы шарттары қарастырылды: ЖЖС дөңгелек және эллиптикалық орбитада қозғалады; ғарыштық кеме Жер бетiнен екiншi
ғарыштық жылдамдықпен көтерiледi; зымыран жер бетiнен көкжиекке 45 градус бұрышпен ұшады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-06-30

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мукушев , Б. (2022). Аспан механикасы мәселелерiн зерттеудегi есептеу эксперименттерiнiң рөлi мен орны. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 134(1), 22–28. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2021-134-1-22-28

Журналдың саны

Бөлім

Статьи

Most read articles by the same author(s)