Радиация өрiсiндегi ИАГ және ИАГГ люминофорларының құрылымын зерттеу және синтездеу
Қаралымдар: 171 / PDF жүктеулері: 82
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-128-3-138-146Аңдатпа
. Осы жұмыста қатты радиацияның күштi ағындарын пайдаланып, фосфор синтездеуге әрекет жасалды.
Алынған YAG: Ce керамиканың беткi құылымы, элементттiк құрамы және люминесценттiк қасиеттерi зерттелдi. Керамика гетерогендi құрылымға ие. Алынған керамиканың негiзгi фазасы YAG болып табылады, ол үлгiлердiң жалпы көлемiнiң 72-91% құрайды. Үлгiлердiң қалған көлемi Al 2 O 3 және CeO 2 фазаларынан тұрады.
Синтезделген керамика YAG:Ce, YAGG: Ce люминофорларының сипаттамаларына тән. Сканерлi электронды микроскоптың көмегiмен синтезделген керамика бетi мен бетiнiң күйi зерттелдi. Синтезделген керамикалық үлгiлердiң рентгендiк талдауы дифрактометрде жүргiзiлдi. ТОПАС-4.2 бағдарламасында сандық фаза тәуелдiлiгi анықталды. Үлгiлердiң беттiк қоздыру кезiндегi люминесценттiк спектрлерiнiң өлшеу нәтижелерi келтiрiлген.