Оптикалық стимуляцияланған люминесценттiк (ОСЛ) дозиметрия әдiсiнiң қазiргi жағдайы


Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 75

Авторлар

  • С Сарсенова
  • В Степаненко
  • К Жумадилов

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-127-2-72-79

Аңдатпа

Берiлген мақалада оптикалық стимуляцияланған люминесценция құбылысына негiзделген қатты дене
дозиметриясы әдiстерiнiң бiрi қарастырылған. Дозаларды жинақтаушы ретiнде қолданылатын көптеген табиғи және жасанды материалдар бар. Сәулеленген материал жарықтың (ультракүлгiн, көрiнетiн немесе инфрақызыл) әсерiне ұшырайды, нәтижесiнде толқын ұзындығы үлкенiрек жарық шығарылады. Жарық интенсивтiлiгi қармап алынған
зарядтың санына байланысты, ал ол жұтылған сәулеленудiң бастапқы дозасына пропорционал. Осы принцип бойынша ОСЛ ретроспективтi дозиметрияда (сыртқы сәулелену дозаларын қайта құру үшiн) және апат жағдайлары кезiндегi дозиметрияда қолданылады. Мақалада атом бомбасының жарылысы жасалған (Хиросима және Нагасаки, Семей сынақ полигоны) және радиациялық апат болған («Фукусима-1» АЭС-сы және Чернобыль АЭС-сы) объектiлер үшiн берiлген әдiстiң қолданылу мысалдары келтiрiлген. Осы зерттеулер нәтижелерiнен ОСЛ дозиметрияның қолданылу аясы кең, сондай-ақ дозаларды дәл әрi толық бағалауда сезiмталдығы жоғары екенi туралы айтуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2022-07-04

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сарсенова, С., Степаненко, В., & Жумадилов, К. (2022). Оптикалық стимуляцияланған люминесценттiк (ОСЛ) дозиметрия әдiсiнiң қазiргi жағдайы. Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ. ФИЗИКА. АСТРОНОМИЯ СЕРИЯСЫ, 127(2), 72–79. https://doi.org/10.32523/2616-6836-2019-127-2-72-79

Журналдың саны

Бөлім

Статьи