Оценка фоновой радиации на территории Казахстана методом ЭПР дозиметрии по зубной эмали
Қаралымдар: 107 / PDF жүктеулері: 66
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6836-2025-152-3-56-66Кілт сөздер:
ЭПР-дозиметрия, тіс эмалі, парамагниттік резонанс, радионуклидтер.Аңдатпа
Бұл шолулық мақалада тіс эмалін пайдалану арқылы жүргізілетін ЭПР-дозиметрияға арналған қазіргі зерттеулер кешенді түрде талданады. Жұмыста радиация индуцирлеген сигналдардың қалыптасуының фундаменталды қырлары, олардың физика-химиялық табиғаты және парамагниттік белсенділік орталықтарымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері қарастырылады. Тіс эмалінің қасиеттері мен оның модельдік жүйелері, соның ішінде синтетикалық апатиттер, сондай-ақ ЭПР-спектрлерін тіркеу, сәйкестендіру және сандық өңдеу әдістері талданады.
Дозиметрияның практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылады: үлгілерді дайындау, сәулелендіру шарттары және дозалық ақпаратты алу алгоритмдері. Дозалық жауаптың сызықтылығы, сигналдың энергияға тәуелділігі және белгісіздік факторлары мәселелері талқыланады.
Зерттеудің өзектілігі радиациялық апаттар жағдайында жеке сәулелену дозасын сенімді бағалауға мүмкіндік беретін әдістерге өсіп келе жатқан қажеттілікпен, сондай-ақ медициналық және экологиялық дозиметриядағы міндеттермен негізделеді. Тіс эмалін пайдалану арқылы жүргізілетін ЭПР-дозиметрия уақыт өте келе сигналдардың тұрақтылығымен және иондаушы сәулеленуге жоғары сезімталдығымен ерекшеленіп, дозаны ретроспективті бағалаудың тәуелсіз құралы ретінде жоғары әлеуетке ие екендігін көрсетеді. Ұсынылған шолу жұмысы әдістің теориялық және қолданбалы аспектілерін қамти отырып, оның мүмкіндіктері, шектеулері және әрі қарай дамытудың жолдары жөнінде тұтас түсінік қалыптастырады.
Қорытынды бөлімде спектралдық талдауды жетілдіру, сигналдың қалыптасу модельдерін нақтылау және ЭПР-дозиметрияны радиациялық қауіпсіздік пен биомедициналық зерттеулер саласында кеңейте қолдану болашағы қарастырылады





